Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

«Салық кодексі» Сенатта сүрінді

AstanaTV
07.12.2017ж. 20:00
3551
«Салық кодексі» Сенатта сүрінді

Шетелде миллиардтарды жасырып отырған компанияларға қатысты тергеу жұмыстары жүргізіледі. Ол Еуропадағы салық органдарымен бірлесе іске асады. Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов күні кеше Президент ескерту жасаған қазақстандық компанияларға қатысты осылай деді. Бүгін Сенат «Салық кодексін» Мәжіліске кері қайтарды. Тіпті Тоқаев, министрлік Президент тапсырмасын тиісінше орындаған жоқ, деді.

12,5 млрд долларды шетел асырған 18 компанияға қатысты тергеу-тексеру жұмыстары басталады. Басым бөлігі мұнай-газ саласындағы компаниялар. Оларды мәжбүрлеп, міндеттеп қайтаруға қақымыз бар ма? "Жазалау мүмкін бе" деген сауалдарға жауап бермесе де, Сұлтанов "сең қозғалғанын" білдірді. 

Аталған 14 компаниямен тиісті жұмыстарды жүргізіп келеміз. Өткен жылы біз конвенцияларға қол қойдық. Сол арқылы басқа мемлекеттердің салық органдарымен ақпарат алмасу, ОЭСР-дің инициативасы бар, салықтан жалтару, ақшаны тығу осыған қаржы іс-шаралар қабылданып жатыр.

Ал Сенат "Салық кодексін" күтпеген жерден мәжіліске кері қайтарды. Президент кодексті қайта жазу керегін екі жыл бұрын айтақан. Сенаторлар құжат екі-үш апта бұрын ғана түсті, тіпті мазмұнымен танысып үлгермедік деп отыр. Мұндай маңызды құжатты кемі екі ай "сүзгіден" өткізу қажет. Оған қоса, бизнеске жеңілдіктер "жоқтың қасы" дейді. 

Әли Бектаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Дүниежүзілік сауда ұйымының талаптары екені белгілі, бірақ өзіміздің ауалшаруашылығы тауар өндірушілердің экспорттық тауарларына қосымша құн салығын Германия тәжірибесімен 0% ставкамен неге болмайды? 

Кодекс түсінікті әрі ықшам болады деп күтілген. Керісінше, көлемі өсіп кетіпті. Мәселен, бұрын 688 бап болса, қазір ол 700-ден асады. Депутаттар том-том құжатты түсіну мүмкін емес дейді.

Сәрсенбай Еңсегенов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Салық түрлері 13, төлем түрлері де 13, консулдық алым 18 болып көбейген біреуге, мемлекеттік баж алымы 21 түрі, алымдардың 9 түрі бар, бұған да жаңа түрі қосылған. Осының бәрін есептегенде, 74 әртүрлі алымдар.

Сенаторлар жаңадан ашылған кәсіпорындарды бір жылға дейін салықтан босатуды ұсынды. Венгрия, Польшада бар тәжірибе. Оған қоса, кейбір салық түсімдерін облыста қалдыру қажет деп есептейді. Облыстық бюджеттің 60 пайыздайы республикалық бюджеттен баратын трансферттен құралады. Қалғаны жергілікті жеке табыс салығы. Әкімдерде бизнесті қолдауға ынта жоқ. Өйткені түсетін табыс орталыққа кетеді дейді. Тоқетерін Тоқаевтың өзі айтты.

Надо отметить, министерство в полной мере не справилось с задачей, который поставил Глава государство в отношений Налогового кодекса.

Мөлдір Бақыт-қызы, тілші:

Дамыған елдерде салықтан түсетін табыс бюджеттің 80 пайызын құрайды. Бізде 45 пайыздайы. Қалғаны Ұлттық қордан. Ұлттық қорға түсетін салмақты азайту үшін салықты көбейту қарастырылған. Бірақ өткенде ғана кәсіпкерлер палатасының төрағасы Тимур Құлыбаев Үкіметпен салық түрлерін әлі де болса азайту туралы келістік деген еді. Ол кезде Мәжіліс мақұлдап жіберген құжат ақыры Сенатта сүрінді.