Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция аймақтағы қауіпсіздікке кепілдік болады - Қ. Әбдірахманов

AstanaTV
06.12.2017ж. 20:00
3898
Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция аймақтағы қауіпсіздікке кепілдік болады - Қ. Әбдірахманов

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылыққа кепілдік береді. Мәскеуде Каспий маңы елдерінің сыртқы істер министрлерімен өткен кезекті кездесуде Қайрат Әбдірахманов осылай деді. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі баспасөз қзыметінің хабарлауынша, Каспий теңізі ортақ бес мемлекет оның құқықтық мәртебесін айқындауда ортақ келісімге келген. Конвенция бойынша жұмыс 20 жылдан астам жүргізілген еді.

Каспий - Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Түркіменстан мен Иранға ортақ теңіз. Тараптар теңіз түбі мен жер қойнауын бөлу, суларда жүзу режимi, суасты құбырларын жүргізу секілді мәселелерді қарады. Конвенция келісілген, оған 2018 жылы Қазақстанда өтетін Каспий жағалауы мемлекеттері басшыларының саммитінде қол қойылмақ.

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

Конвенция өзінше «Каспий теңізінің конституциясы» болып, Каспий жағалауы мемлекеттерінің ынтымақтастығына жаңа серпін береді және аймақтағы қауіпсіздік, тұрақтылық пен өркендеудің кепілгері болады деп сенемін.