Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қазақстан 20 жыл бойы 450 млн $ көлемінде әлемнің өзге елдеріне көмек көрсеткен

AstanaTV
06.12.2017ж. 20:00
2849
Қазақстан 20 жыл бойы 450 млн $ көлемінде әлемнің өзге елдеріне көмек көрсеткен

Қазақстан 20 жылдан бері 450 млн $ көлемінде әлемнің өзге елдеріне көмек көрсеткен. Бұл туралы бүгін Парламент Сенатының депутаты Дариға Назарбаева ҚР Сыртқы істер министрлігінің жұмысын сынға алған кезде мәлімдеді. Сенат депутаты "Дамуға ресми көмек туралы" заңның тиісті орындалмауында, оның ішінде Қазақстанның өзге елдерге ауқымды сомада гуманитарлық көмек көрсетіп жүргені туралы жұртшылыққа жария етпегенін тілге тиек етті. Аталмыш қаржының басым бөлігі халықаралық ұйымдардың қорларына көмек ретінде берілген екен.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Дамушы елдер үшін 450 миллион АҚШ доллары көлеміндегі көмек - өте қомақты қаржы. Неліктен қазақстандықтар бұл туралы ештеңе білмейді және не болып жатқанынан да хабарсыз. Әлемдік қауымдастық та бейхабар. Бұл Сыртқы істер министрлігі мен тұтастай үкімет жұмысының қателігі.