Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қызылжарда 21 жасар кикбоксшы жарыстан кейін есінен айырылды

AstanaTV
11.12.2017ж. 20:00
2508
Қызылжарда 21 жасар кикбоксшы жарыстан кейін есінен айырылды

Қызылжарда 21 жасар кикбоксшы жарыстан кейін есінен айырылып, комаға түсті. Елорданың намысын қорғаған Азамат Досымбай ел біріншілігінде ақтық сынға дейін жетіп, финалда жеңіліс тапқан. Турнир аяқталған соң есінен танып қалған ол аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Басына 2 рет ота жасалған жігіттің жағдайын дәрігерлер ауыр деп отыр. Спортшының туыстары қарсы болғандықтан, өзге ақпарат беруден бас тартты. Ал атқамінерлер Азаматтың жарыс кезінде ауыр жарақат алғанын байқамадық дейді.

Руслан Есеналин, СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Жекпе-жек тең дәрежеде өтті. Ешкім нокдаунға түскен жоқ. Азамат Досымбайдың ауырсынғанын байқаған жоқпын. Марапаттау рәсімі кезінде спортшы өзін бос ұстады. Мұны  жаттықтырушылары да растап отыр.

Азамат Досымбай бір ай бұрын әлем чемпионатына қатысып, қола жүлдені қанжығасына байлаған болатын. Кей мамандар оның есінен тануын демалыстың аздық еткенімен байланыстырады. Себебі спортшы ірі жарыстан соң 2-3 айдан соң қалпына келеді, дейді олар.