Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелерінің үздігі анықталды

AstanaTV
13.12.2017ж. 20:00
4110
«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелерінің үздігі анықталды

"Нұр Отан" партиясы қоғамдық қабылдау бөлмелерінің үздіктерін анықтады. Биылғы  республикалық байқауда партияның Алматы қалалық филиалы озық шықты. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын байқау тәуелсіздік күніне орайластырылған. Оған елдегі 231 қоғамдық қабылдау бөлмесі қатысты. Шара барысында аймақтық партия филиалдарына "Үздік қоғамдық бөлме", "Үздік депутат", "Үздік мемлекеттік органдар" номинациясы берілді. Ал "Үздік қоғамдық бөлме қызметкері" номинациясын Құмарбай Асқар жеңіп алды.

Құмарбай Асқар, "Нұр Отан" партиясы қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметкері:

«Нұр Отанға» келген адам бірінші қоғамдық қабылдау бөлмесіне келеді, ал содан біздер құқықтық аясында кеңестер береміз. Министрілердің қабылдауына жазамыз. Депутаттардың қабылдауына жазамыз. Мәселелерін шешуге көмектесеміз. Мереке құтты болсын!