Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Ақтөбеде электр энергиясының бағасы 29 пайызға қымбаттауы мүмкін

AstanaTV
14.12.2017ж. 20:00
3634
Ақтөбеде электр энергиясының бағасы 29 пайызға қымбаттауы мүмкін

Ақтөбеде электр энергиясының бағасы 29 пайызға қымбаттауы мүмкін. Облыс орталығын қуатпен қамтитын мекеме тарифті көтеруді сұрап отыр. Ал осы мәселеге қатысты өткен қоғамдық тыңдау соңы қып-қызыл дауға ұласты. Қоғамдық ұйымдардың белсенділері мен  мәслихат депутаттары бұған қарсы.

«Ақтөбеэнергоснаб» серіктестігі бағаны 13,32 теңгеден 17,17 теңгеге өсіруді қалайды. 235 мыңдай абонентті жарықпен қамтып отырған компанияның өз уәжі бар. Мекеме жылына бір жарым миллиард киловатт жарық жеткізеді. Энергия бағасы 2009 жылдан бері  күндізгі және түнгі тариф бойынша бөлек есептеліп келген. Енді бір ғана баға болмақ. Серіктестік басшылығы түнгі тариф арзан болғандықтан, соңғы бір жылда 200 миллион теңгеге жуық шығынға баттық деп отыр.

Асыл Сәкенова, «Ақтөбеэнергоснаб» ЖШС директорының орынбасары:

Бірінші қазаннан бастап әр түрлі тарифті жойдық. Он айдың өзінде шығынымыз 191 миллион теңгені құрады. Заң бойынша түнгі мезгілде 5 теңгеден сатуға мәжбүр болдық. Заңда жазылған, егер шығын жинақталып қалса, біз оны келесі жылдың тарифі арқылы өтей аламыз. 

Алынатын электр энергиясы құнының өсуімен түсіндіреді. Ал өңірдегі жылу электр орталығы бөлуі тиіс 452 миллион киловатт қуаттың 100 миллионы берілмей отыр екен. «Ақтөбеэнергоснаб» серіктестігінің басшылығы бұл жәйтті облыс әкімдігімен бірге қарап жатырмыз дейді. Егер мәселе монополистің пайдасына шешілсе, жаңа жылдан бастап жарық бағасы 29 пайызға қымбаттауы мүмкін.