Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

«Нұрлы жер» бағдарламасының арқасында ипотекалық несиелендіру ісі жанданып келеді

AstanaTV
15.12.2017ж. 20:00
2622
«Нұрлы жер» бағдарламасының арқасында ипотекалық несиелендіру ісі жанданып келеді

«Нұрлы жер» бағдарламасының арқасында ипотекалық несиелендіру ісі жанданып келеді. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сала мамандары мәлімдеді. Олардың сөзінше, банктердің ипотекалық займдарды субсидиялауы үлкен рөл атқарған. 

Еркін Сыздықов, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ басқарушы директоры:

Бағдарлама елдің кез келген аймағында жүзеге асырылады. Сондықтан азаматтар өздері таңдайды ұнаған пәтері мен құрылыс команиясын. Әрине, банк та ұсынуы мүмкін, бірақ соңғы шешімді азаматтар еркінде.

Осыған дейін сарапшылар тұрғын үй саудасының төрттен үш бөлігі «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» тиесілі деп меншікті банктерді сынға алған болатын. Алайда, осы жылдың 10 айындағы көрсеткіштерге сәйкес, ипотекалық несие беру 54 миллиард теңгеге өскені байқалды. Бұл банктерді субсидиялау есебінен орын алған өзгеріс. Ал, былтыр осы уақытта бұл көрсеткіш 36 миллиард теңгені құраған. Биыл ипотекалық компаниялар бір мыңға жуық  баспаналық займдарды субсидияласа, келесі жылы бұл көрсеткіш 7 мыңға дейін өседі деген жоспар бар.