Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

АҚШ КХДР-ға шабуыл жасамақ - The Telegraph

AstanaTV
21.12.2017ж. 20:00
3831
АҚШ КХДР-ға шабуыл жасамақ - The Telegraph

"АҚШ Корей халық демократиялық республикасына әскери шабуыл жасаудың жоспарын әзірлеп жатыр. Осылайша Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына тосқауыл қоймақшы", - деп хабарлайды The Telegraph. Мақалада АҚ үйдің әскери шабуылға дайындықты күшейткені баяндалады. Материал авторы мұндай жағдайда дипломатияның да көмегі шамалы деген пікірін келтірген. Америка Солтүстік Кореяның қару-жарақ қоймалары мен зымыран ұшыратын жерлерін нысанаға алыпты. АҚШ жаңа баллистикалық зымырандардың сынағын осылай тоқтатпақ.

Айта кетейік, сутегі бомбалары мен баллистикалық зымыран жасауға кіріскен Пхеньянның әрекеті әлемдік қауымдастықты алаңдатып отыр. Әлбетте, бұл жағдай Солтүстік Кореямен көршілес орналасқан Оңтүстік Кореяға, сондай-ақ Жапонияға да оңай тимейтіні анық.