Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Келесі жылы темекі бағасы 380 теңгеге қымбаттайды

AstanaTV
22.12.2017ж. 20:00
2515
Келесі жылы темекі бағасы 380 теңгеге қымбаттайды

Келесі жылдан бастап бір қорап темекінің бағасы 380 теңгеге дейін қымбаттайды. Өйткені  акциз құны артады. Мемлекеттік кіріс комитеті оның мөлшерін 60 теңгеге дейін көтермекші.

Ардақ Теңгебаев, ҚР Қаржы министрлігі, мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы:

Акциз бағасы өсіп жатыр. Қазіргі уақытта ең төменгі бағасы 320 теңге, келесі жыл соңына дейін ол 380 теңгеге жетеді. Сауда нүктелері одан да қымбатқа сата алады. Бұл бір қорапқа ең төменгі баға болып белгіленеді.

Комитет басшысының айтуынша, биыл мемлекетік бюджет кірісі 6 триллион 31 миллард теңгені құрады. Бұл былтырғыдан 466 млрд теңгеге, немесе 8,4 пайызға көп. Оның ішінде салықтық түсімдер 4,5 трлн теңге болып отыр. Кедендік түсімдер 1,5 триллион теңге. Бизнес нысандарын тексеру екі есеге дейін азайған. Былтыр 11 ай ішінде 72 мың тексеріс тіркелсе, биыл ол 37 мыңды құрады.