Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қызылжарда өткен «Президенттік шыршада» «Рухани жаңғыру» мен «Елордаға 20 жыл» киімдерін киген балалар жеңімпаз атанды

AstanaTV
22.12.2017ж. 20:00
3733
Қызылжарда өткен «Президенттік шыршада» «Рухани жаңғыру» мен «Елордаға 20 жыл» киімдерін киген балалар жеңімпаз атанды

Қызылжарда өткен «Президенттік шырша» мерекесінде «Рухани жаңғыру» мен «Елордаға 20 жыл» киімдерін киген қос бала жеңімпаз атанды. Андрей Яндимиров пен Алина Богданова Айыртау ауданынан келген. Балалар үйінің тәрбиеленушілері айрықша костюмді тігу бастамасын өздері ойлап тауыпты. Елбасы жолдауын ылғи назарда ұстайтын балаларға тәрбиешілері қолдау көрсетіп, костюмдерді тігуге қол ұшын созған. Елден ерек киімді жасауға бір апта уақыт кетіпті. 

Петропавлдағы «Президенттік шырша» биыл алғаш рет Спорт сарайында мұздың үстінде өтті. Мерекеге облыстың түкпір-түкпірінен 600-ге жуық оқушы жиылған. Балақайлардың дені спорттық жетістіктерімен көзге түскен жәнен оқуда озат оқушылар. Әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалары да бар. Мерекелік шараға келген бүлдіршіндерге Елбасының атынан планшеттер тарту етілді.

Андрей Яндимиров, балалар үйінің тәрбиеленушісі:

Менің киімім «Рухани жаңғыру» деп аталады. Бұл - Қазақстандағы мемлекеттік бағдарлама. Костюмдегі әрқилы түстер еліміздің ежелгі тарихы мен бүгінгі күннің байланысын меңзейді. Ал қанатын жайған бүркіт Қазақ елінің биік белестерді бағындыруын көрсетеді. Мен халқымды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Еліміз бірлікте көркейе берсін!