Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Коррупцияға байланысты сот процестері.

AstanaTV
30.12.2017ж. 20:00
2089
Коррупцияға байланысты сот процестері.

Биыл коррупцияға байланысты әдеттегідей, үлкенді-кішілі сот процестері өтті, өтіп жатыр. Жемқорлық жайлы талай материал дайындадық. Кейде тіпті...

Ал күзде жарық көрген кезекті рет оффшор тақырыбын қозғаған «жұмақ досьесінде» миллиардер шығуы «ғажап» елдердің азаматтары болған. Батыс әлемінде батыс әлемінің адамдарын «салықтан қашатындар» деген мағынада қабылдайды. Және салықтан жалтару оларда өте бір сүйкімсіз, тіпті ұятсыз әрекет. Заң бұзушылықтан бөлек. Ал біздің қоғам сияқты қоғамдарда қоғам мүшесінің атын көрсек, басқа реакция – олар қандай жолмен тапқан ақшаны жасырып жүр? Тізімдегі министр Б.Атамқұлов пен ұлттық компания басшысы С.Мыңбаев «баяғыда болған фирмалар, қазір қатысымыз жоқ», деді. Сендік?..

Сот процестері туралы Айгүл Әдепбай жасаған «торт».  

Айгүл Әдепбай, тілші:

Бюджет тәтті торт сияқты. Оның тәтті екенін бәрі білгендіктен, қызыға түсе ме, әйтеуір одан бір тістеп алғысы келетіндер аз емес. Ммм, шынымен де тәтті. Бірақ мұндай тәттіні кейде бір тістегеннен тоймай қаласың, сондықтан асатып алғысы келетіндер тізімі жылда жаңа есімдермен толығады.

Тіпті 2017 жылды қаржы қымқырғандар жылы деп атаса да болатын еді. Сонымен жылдың ең ірі сот процесі – даусыз, Қуандық Бишімбаевтікі. Бұрынғы Ұлттық экономика министріне бюджеттің 1 млрд. 200 млн теңгесін жұтып қойды деген айып тағылды. Ал Қуандық мырза өзінің кінәсін күні бүгінге дейін мойындамады. Былықтар Бишімбаев «Бәйтерек» холдингін басқарып тұрған тұстан басталса керек. Қызылордадағы шыны зауытының құрылысы да «алып ұрды», жас министрді. Бүгінде Бишімбаевпен қатар сыбайласы деп танылған "Бәйтерек Development-тің" бұрынғы басшылары мен олардың орынбасарлары, барлығы 22 адамға қатысты 20-дан астам сот отырысы өтті. Нүктесі әлі қойылған жоқ. 

Уәлихан Бишімбаев, Қ.Бишімбаевтың әкесі: /31.10.2017 ж. Астана/

Сот әділ болады деп сенемін.

2017 жылдың тағы бір аты шулы сот процесі – Тоқмәди ісі. «Әйнек королі» атанған «Қазшынықұрылысы» компаниясының жетекшісі, Мұратхан Тоқмәди бопсалаумен айналысты, заңсыз қару жарақ сақтады, деп айыпталды. Ол 12-маусымда ұсталды. Сотталушы 5-қыркүйекте өз кінәсін мойындап, істі қараушы прокурормен арада «айыпты мойындау» туралы келісімге келді. Қазан айында шыққан сот үкімімен Мұратхан Тоқмәди 3 жылға бостандығынан айырылған. Артынша сенсациялық жағдай болды. Мұратхан Тоқмәди 13 жыл бұрын «ТұранӘлемБанкінің» басшысы болған Ержан Тәтішевті өлтіргенін мойындады. Және ол қашып жүрген экс-банкир Мұхтар Әбләзовтың тапсырмасымен, деді. Тәтішовтың өліміне қатысты істі тергеген, ІІМ жедел-тергеу тобын басқарған Ержан Артықбаевқа 20 мың доллар бергенін де айтты.

¤

Алмас Сәдубаев, ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры: /Астана 25.10.2017 ж./

Аталған факт бойынша ІІМ-нің Өзіндік қауіпсіздік департаменті өзге де құқық қорғау органдарымен бірлесіп тексеріс жүргізетін болады.Артықбаевтың қызметіне келетін болсақ, ол 2010 жылы ІІМ-нің Тергеу комитетінен зейнетке шыққан.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшылығы да қолға түсті, жыл басында. Руслан Ерденаев сыбайластарымын бірге, «Бузгул Аурум» компаниясымен күдікті келісім жасап, 5 млрд теңгеге 500 мың акциясын сатып алған. Бишімбаевтай емес, Руслан Ерденаев кінәсін мойындады.

Мартпек Кәкімжанов, Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының судьясы: /2.11.2017 ж./

Жалпы, тағылған айыптар толық дәлелін тапты. Оны өзгерту қарастырылмайды.

2017-де ұсталғандармен қатар, бұғаудан босағандар да болды. 21- қыркүйекте экс премьер-министр Серік Ахметов бостандыққа шықты. Ол 2014 жылдың қарашасында үй қамауына алынған болатын. Сот отырысы 2015 жылдың тамызында басталып, төрт айға жалғасты. Ал сол жылдың желтоқсанында сот оны 10 жылға бас бостандығынан айырып тынды. Оған өзгенің мүлкін иемдену, кәсіпкерлікке заңсыз араласу, қызметін асыра пайдалану секілді баптармен айып тағылған еді. Бірақ шығынды өтегеннен кейін оның жазасы 8 жылға қысқарды. Қазір экс-премьерге 4 жыл бойы шетелге шығуға тйым салынған.

Саламатсыз ба!  -Спасибо,нормально. -Қалайсыз?-Рахмет!-Чем будете заниматься?-Еще не определился. -Сейчас домой поедете?- Ну, конечно. К супруге, детям, внукам поеду.

¤

Белгілі журналист Сейтқазы Матаев та желтоқсан айының басында темір тордан құтылды. ¤¤Ұлттық Баспасөз Клубының бұрынғы президентін мерзімінен бұрын босатуға оның денсаулығының нашарлауы мен түрмеде өзін тәртіпті ұстауы негіз болған. Сейітқазы Матаев пен оның ұлы Әсет Матаев «салық төлеуден жалтарды және аса ірі көлемде қаржылық алаяқтық жасады» деп айыпталып, әрқайсысы 6 жылға бас бостандығынан айырылған еді. ¤

Сейітқазы Матаев: /4.11.2017 ж./   

¤Жоспарым, түрмедегі баламды бостандыққа шығару. Екі-үш ай өз қалпыма келу үшін емделем де, сосын жұмысқа кірісемін. 

¤

Қашудан шаршағандар да болды. ¤БТА банк ісіне қатысы бар делінген Жақсылық Жарымбетов Қазақстанға жеткізілді. Ол ¤«БТА Банкінің» экс басшысы Мұхтар Әбіләзовтің қылмысына қатысым жоқ, тергеу ісіне көмек көрсетуге ниеттімін, деп ақталды. Қашқын банкирдің серігі Түркия әуежайында ұсталып, Қазақстанға қайтарылды. Айта кетейік, бір кездері «БТА банкті» басқарған Әбіләзовтің орынбасары болған Жақсылық Жарымбетовке 2009 жылы ақша жымқырды, алаяқтық жасады деген айыптар тағылды. Ол сегіз жыл бойы Еуропада бой тасалады.

¤

Жақсылық Жарымбетов: /30.01.2017 ж./

¤

Мен қашудан шаршадым. Үш күнде адам тозаққа да үйренеді дейді ғой. Лондонда болдым. Онда саяси статусым болды.Басында Әбіләзов көмектесті. Өзімнің де жинаған ақшам бар еді. Менің қашып кету себебім - үлкен қорқыныш болды. Мен ешқашан саясатпен айналысқан емеспін. Әбіләзовтің билікшіл болғанына мен кінәлі емеспін ғой. Ол қарамағындағыларға тек құрал ретінде қарады.

Елең еткізген үкімнің бірі – «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы төрағасының бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековке қатысты. Сот шешімімен ол ақпан айында ұсталды. Сот барысында ол 1 млрд теңгеден астам пара алғанын мойындады және қымқырған қаржысының бір бөлігін қайтарып берді. Дегенмен сот оны  10 жылға сотталды. Сот отырыстары бірнеше ай бойы жабық есік жағдайында жүрді. Сұлтанбековпен бірге 8 адам жауапқа тартылды. Олар да пара алды деген күдікпен қамалғандар.

¤

Баязид Дәрібаев, Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының судьясы:

Сот Сұлтанбеков Қанат Таңатарұлын Қылмыстық кодекстің 366 бабы, 4 тармағымен 55 баптың 2 тармағын қолдана отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Айгүл Әдепбай, тілші:

Жемқорларға әр жыл "жемісті" болып тұр. Ұсталып та жатады. Бірақ оларға қарап, олар сияқтылардың аз еместігін түсінесің. Мәңгілік ел туралы олар естігісі де келмейді. Олардың миы да, санасы да, түсінігі де басқа. Қамалғандарына рухани тазалық туралы кітаптарды күштеп оқытса да нәтиже шықпас...