Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Ұлттық банк төрағасы Норвегияның тәжірибесін қарастыруға дайынбыз деп мәлімдеді

AstanaTV
26.12.2017ж. 20:00
2296
Ұлттық банк төрағасы Норвегияның тәжірибесін қарастыруға дайынбыз деп мәлімдеді

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Норвегияның тәжірибесін қарастыруға дайынбыз деп мәлімдеді. Тілшілер бас банкирдің Ұлттық қор мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын біріктіру туралы пікірін сұраған еді. 

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:

Олардың жүйесінде өзгешелік бар екені рас. Тиісті тапсырма түссе, үкіметпен бірлесіп, қарауға дайынбыз. Бірақ қазір нақты бір нәрсе айту қиын. Елбасы бұл мәселемен біз таныса берсін деген тұрғыда айтты. Өз тарапымыздан аталған елдің озық тәжірибесін игеруге дайынбыз.

Сондай-ақ бас банкир Бельгияда бұғатталған Ұлттық қорға тиесілі 22 миллиард доллардың жайына тоқталды. Қаржыны қайтару үшін Қазақстан тарапы сот шешіміне қатысты кезекті рет шағым түсіреді деді. Ақышевтің сөзінше, қаржыны бұғаттау шешіміне шағымданғанымен, Лондонның жоғарғы соты ақшаны қайтарудан бас тартқан. Дегенмен біздің тарап бар мүмкіндікті жасамақ.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:

Үкімет құқығын қорғайтын негізгі орган - әділет министрлігі. Ұлттық банк өз тарапынан қолдау көрсетіп, құқықтық кеңес бойынша мамандар жалдауға көмек берді. Жағдай тым ушығып, активтерді жоғалтып алдық деп ойламаймын. Заңдық тұрғыда келіспеушіліктер бар екені рас. Дегенмен, мәселе шешімін табады деген сенімдемін.