Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Жат ағымның жетегінде кеткен 250 жан дәстүрлі дінге бет бұрды

AstanaTV
26.12.2017ж. 20:00
2699
Жат ағымның жетегінде кеткен 250 жан дәстүрлі дінге бет бұрды

Жат ағымның жетегінде кеткен 250 адам дәстүрлі дінге бет бұрды. Бұл туралы Алматы қалалық дін істері жөніндегі басқарманың жетекшісі Айдар Есенбеков айтты. Жыл басынан бері жаппай тексеру жұмыстары жүргізіліп, мыңнан аса азаматтың деструктивті ағымдарға ауып кеткені анықталған. Теологтар оларды дәстүрлі дінімізге қайтару әрекетін жасап жатыр. Мұнан бөлек, сауда нүктелерінде рұқсат етілмеген діни бағыттағы кітаптардың сатылуына тосқауыл қойылды. Тұрғындар көмегімен 18 заңсыз нүкте жұмысын тоқтатты. Сондай-ақ, Әкімшілік кодекстің 490-бабына сай, 35 әкімшілік іс қозғалып, жеке және заңды тұлғаларға 3 миллион теңгеден астам айыппұл салынған

Айдар Есенбеков, Алматы қаласы дін істері басқармасының басшысы:

Дін саласындағы басты құжат болған 2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттік дін саласындағы тұжырымдамасы Елбасының жарлығымен бекітілді. Халықтың көптеген топтарымен алдын-алу шараларын өткіздік. 660 шара өткіздік, 105 мыңнан аса халық қамтылды. Бұның бәріне де діни бірлестіктің өкілдері белсенді атсалысты.