Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

2018 жылдан бастап құрылыс компаниялары кепілдікті электронды түрде ала бастайды

AstanaTV
26.12.2017ж. 20:00
2591
2018 жылдан бастап құрылыс компаниялары кепілдікті электронды түрде ала бастайды

Келесі жылдан бастап құрылыс компаниялар үшін кепілдік алу жолдары жеңілдейді. Қор құжат жинау рәсімін электронды түрде жүргізе бастайды. Айта кетейік, бүгінде құрылыс компаниялары кепілдік алу үшін, 500 парақтан астам құжат жинауға мәжбүр. Жаңа жүйе уақыт пен қаржыны үнемдеуге сеп болмақ.

Жәнібек Маңқараев, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ департамент директоры:

Кепілдік беру қоры Астанада орналасқан. Біздің бағдарлама 16 регионға бағытталған. Сондықтан Батыс Қазақстан болсын, Шығыс болсын, Астанаға келудің қажеті жоқ, жеке кабинетте толық құжатын тіркеп, электронды түрде өтінім бере алады.

Кепілдік үлескерлер талап ететін басты құжат болған соң, компанияға деген сенімді арттырады. Заң бойныша оны алудың бірнеше талаптары бар. Компанияның жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем болмауы тиіс, 9-дан 18 мың шаршы метрге дейінгі аумақта құрылыс жүргізуі міндетті. Сондай-ақ, соңғы екі жылда шығынсыз жұмыс істеуі керек.

Жаңыл Саяқова, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ департамент директоры:

Жобамен Қорға келу үшін, құрылыс жүргізетін жер телімі болуы шарт. Ол ұзақ мерзімге жалға алынған немесе жекеменшік болуы керек. Сондай ақ, жобалық-сметалық құжаттары керек. 

Қор жанынан құрылған консультативті кеңес тоқсан сайын құрылыс компаниялары өкілдерімен кездесіп, ортақ проблемаларды талқыға салады. Нәтижесінде кепілдік алу жарнасы 6 пайыздан 2 пайызға дейін төмендетілді.

Данияр Жұмашев, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ басқарма төрағасы:

Кеңес болар алдында 1-2 апта бұрын хабар береміз. Ақпарат құралдары және интернеттегі сайттан танысуға болады. Әр құрылыс компаниясы, мәселесі болса, осы жерге келіп, талқылай алады.