Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Ресей президенті Владимир Путин Санкт-Петербордағы жарылысты теракт деп атады

AstanaTV
28.12.2017ж. 20:00
2257
Ресей президенті Владимир Путин Санкт-Петербордағы жарылысты теракт деп атады

Ресей президенті Владимир Путин Санкт-Петербордағы жарылысты теракт деп атады. Қазір зардап шеккен 10 адам ауруханада жатыр. Бұл іс бойынша жедел тергеу тобы құрылды. «Екі немесе одан да көп адамды өлтіруге оқталу» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.

Оқыс оқиға кеше кешкісін орын алған. Қаладағы "Перекресток" дүкенінде жарылыс болып, бірнеше адам жарақат алды. Күдікті сауда орнындағы бейнекамераға түсіп қалған. Ер адам супермаркетке сатып алушы ретінде кіріп, қол дорбасын сақтау камерасына қалдырады. Сауда залына кіріп, тауарларды қараған сыңай танытып, ұзамай сыртқа шығып кетеді. Ал оның қол дорбасы дүкенде қалып қойған.