Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Қостанайда «Нұр Отан» өкілдері коррекциялық мектеп-интернат шәкірттеріне тарту жасады

AstanaTV
28.12.2017ж. 20:00
2897
Қостанайда «Нұр Отан» өкілдері коррекциялық мектеп-интернат шәкірттеріне тарту жасады

Жаңа жыл қарсаңында «Нұр Отан» партиясының өкілдері Қостанайдағы нөмірі екінші коррекциялық мектеп-интернат шәкірттеріне мерекелік сыйлық жасады. Балғындарға тәтті-дәмділер мен сусындар тарту етті. Игі шара  «Бақытты отбасы - бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында ұйымдастырылған.

Білім ордасында 103 бала тәрбиеленеді. Көбісі ата-ана қамқорлығынан айрылғандар. Арасында тұл жетім балалар да бар. Мектеп интернаттағы жаңа  жыл мерекесі өте көңілді өтті. Өнерлі жеткіншектер ән шырқап, би билеп шағын залды шаттыққа бөледі. Мереке барысында шәкірттерге партия өкілдерінің тәтті сыйлықтары табысталды. Ал, жеткіншектер жаңа жылдық тілек-армандарын  жеткізді.

Виталий Кашапов, тәрбиеленуші:

Әуелі анам келсе екен деп армандаймын. Сосын біздің интернатта спорттың жаңа түрінен үйірме ашылса деп тілеймін. Соған барғым келеді.

Гүлнәр Мұратова, мектеп -интернат мұғалімі:

Ата-анасыз, қамқорсыз қалған балалар. Сондықтан ол балалар осындай мерекені, сыйлықтарды, жылы лебіздерді күтеді. Әрқашан осындай мерекелерді күтеді. Интернатқа қонақтар келсе, қуанамыз, көңілдерін көрсетіп, тілектерін білдіргені үшін.