Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Президент Астанада өткен жаңажылдық қайырымдылық балына қатысты

AstanaTV
29.12.2017ж. 20:00
2317
Президент Астанада өткен жаңажылдық қайырымдылық балына қатысты

Президент Астанада өткен жаңажылдық қайырымдылық балына қатысты. Бұл туралы  Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Ерекше шараға жиналғандарды мерекемен құттықтаған Елбасы Жаңа жыл әрдайым көтеріңкі көңіл-күй мен бақытты болашаққа үміт сыйлайтынын атап өтті. Өткен жылға ешбір өкпеміз жоқ, - деді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Өтіп бара жатқан жыл тәуелсіздігіміздің 26-шы жылы, атап өттік. Осы жылдар ішінде төңіректегі қиыншылықтарға қарамай, еліміз аман, жұртымыз тыныш, дастарханымыз алдымызда, халықтың баспанасы басында, төбесі биік, табалдырығы мықты, соған біз тәубә дейміз. Өткен жылға ризашылығымызды айтамыз.

2017 жыл ауқымды оқиғалармен есте қалды. Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі технологияның тамаша мерекесін тарту етті. Ислам ынтымақтастығы ұйымының саммитін жоғары деңгейде өткіздік, - деді Президент. Сондай ақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде еліміздің бейбіт бастамаларын ілгерілету жайына ерекше тоқталды.

Келесі жылы да Қазақстанда аса маңызды халықаралық басқосулар өтеді. Бұл - күш-жігер мен қажырлы еңбектің нәтижесі, - деген Нұрсұлтан Назарбаев қайырымдылық балына қатысушыларды жаңа жылмен құттықтады. Барша қазақстандықтарға мықты денсаулық, қуаныш пен шаттық тіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Жүрегімізден ешқашан от сөнбесін, махаббат төңірегімізді аралап жүрсін, одан артық ешнәрсе жоқ. Махаббат деген - отан деген сөз, үй деген сөз, сол махаббат жүректеріңде сөнбесін. Аман-сау бір болайық, алға қарай жылжи берейік, құтты болсын мереке!