Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Теміржол өткелінде болған апатқа Газель жүргізушісі кінәлі болуы мүмкін

AstanaTV
29.12.2017ж. 20:00
2802
Теміржол өткелінде болған апатқа Газель жүргізушісі кінәлі болуы мүмкін

Маңғыстау облысы Теңге кентіндегі теміржол өткелінде орын алған апатқа Газель жүргізушісі кінәлі болуы мүмкін. Бұл туралы прокуратура өкілдері хабарлады. Қорытындыға сәйкес, жүргізуші теміржолға бағдаршамның қызыл түсі жанған кезде шыққан. 

9 адамның өмірі қиылып, 27 адам зардап шеккен жантүршігерлік апат осыдан бір ай бұрын болды. Теміржол өткелінде Газель көлігі мен тепловоз соқтығысқан еді.  Қоғамдық көлікте 36 жолаушы болған. Төтенше жағдайдан кейін арнайы комиссия құрылып, бірқатар сараптама тағайындалды. Оның алғашқы нәтижелерін бүгін прокурорлар жариялады.

Жандарбек Спан, Маңғыстау облыстық прокуратурасы басқарма басшысының міндетін атқарушы: 

Қылмыстық кодекстің 345 бабы 3 бөлімі, 344 бабы 3 бөлімі бойынша жүргізілген тергеу Газель жүргізушісі мен теміржол өткелі диспетчерінің кінәсін айқын көрсетті. Қазір соңғысы қамауда отыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды, қорытындысы 2018 ж қаңтар айында  күтілуде. Қылмыстық іс бойынша басқа да тергеу жүргізіліп жатыр қазіргі уақытта.

Тепловоз машинисіне қатысты сараптама әлі дайын емес. Қазір оның әрекеті жан-жақты тексеріліп жатыр. Қадағалау органы өкілдерінің сөзінше, аталған іс бойынша тағы бірнеше сараптамалық зерттеу жүргізілуде.