Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Тұлпар Тальго» биыл өндіріс қуаттылығын арттыруды жоспарлап отыр

AstanaTV
03.01.2018ж. 20:00
3380
«Тұлпар Тальго» биыл өндіріс қуаттылығын арттыруды жоспарлап отыр

«Тұлпар Тальго» жаңа қарқынмен жұмыс істеуге кірісті. Жолаушылар вагонын құрастыратын зауыт биыл 91 вагон шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы мәжілістегі "Нұр Отан" фракциясы депутаттарының өндіріс ошағын аралау барысында мәлім болды.

Басты мақсат - өндіріс қуаттылығын арттыру. Ірі табысқа кенелу мақсатында зауыт экспорттық тапсырыстарды орындауға да көшіп жатыр,- дейді өндіріс орнының басшылары. Әзірге Өзбекстанмен және Иранмен тиісті келісімдер жасалған. Сондай-ақ вагон өндірісін жаңғыртып, сапасын арттыру жоспарда бар.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Қазақстан экономикасын дамыту үшін, халықтың әлеуметтік жағдайын күшейту үшін, қауіпсіздік сақтау үшін, қорғанысты қамтамасыз ету үшін, осы үлкен 9-шы әлемдегі территорияны сақтап тұру үшін біз теміржолдарды, автожолдарды дамыта беруіміз керек. Осыған Елбасының «Нұрлы жол» деген бағдарламасы бар, соған бағытталғанын бәріміз білеміз. Осы бағдарлама аясында үлкен жұмыстар салып жатыр.