Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясына жаңа басшы тағайындалды

AstanaTV
09.01.2018ж. 20:00
2661
«ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясына жаңа басшы тағайындалды

«ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясында жаңа басшы. Басқарма төрағасы болып Ербол Шорманов тағайындалды. Бұл туралы компанияның ресми сайтында хабарланған.

Ербол Шорманов 2015 жылдың тамызынан бері «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы төрағасының орынбасары болып қызмет атқарған. Соңғы біршама уақытта төрағаның міндетін атқарды. 1968 жылы туған азамат ұзақ жыл кеден саласында қызмет етті. Алматы қаласы әкімінің орынбасары болған. Ол компанияны бұған дейін басқарған Ахметжан Есімовтің орнына келді.

Еске салайық, Есімов мырза жаңа жыл қарсаңында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басшысы болып тағайындалған еді.