Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Жолдау аясында Астанадағы 2-ші ЖЭО цифрландыру мәселесі талқыланды

AstanaTV
12.01.2018ж. 20:00
2526
Жолдау аясында Астанадағы 2-ші ЖЭО цифрландыру мәселесі талқыланды

Мемлекет басшысының биылғы халыққа арнаған жолдауы аясында Астанадағы 2-ші ЖЭО цифрландыру мәселесі талқыланды. Бұл туралы «Жасыл экономика» коалициясының төрағасы Салтанат Рақымбекова мәлімдеді. Оның айтуынша, қала билігі мен жылу-энергетикалық орталықтардың басшылары электронды есептеу жүйесін енгізу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Егер жобаны потенциалды инвестор - Қазақстан-Ресей біріккен компаниясы іске асырса, жылу өндіру жүйесін сандық форматқа көшіру оңтайлы жүзеге аспақ. «Ақылды қала» ұғымына сәйкес, мұндай бастама, елорданы жылумен қамту қызметін оңтайландыруға мүмкіндік береді, дейді сарапшы.

Салтанат Рақымбекова, "Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту" коалициясы басқарма төрайымы:

Президент цифрлауды қажет ететін пилоттық өндірістік нысандар болуы керек дейді. Біз сондай-ақ әкімдікке 2-ші ЖЭО цифрландыруды ұсындық. Ресейлік әріптестердің осындай ұсыныстары бар, олар аталған орталықты басқару және инженерлік кадрларымен жеткілікті түрде зерттелген.