Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қазақстан мұнай өндірісі көлемін тәулігіне 130 мың баррельге арттырған - Блумберг

AstanaTV
12.01.2018ж. 20:00
3163
Қазақстан мұнай өндірісі көлемін тәулігіне 130 мың баррельге арттырған - Блумберг

Қазақстан өткен жылдың қараша, желтоқсан айларында мұндай өндірісін тәулігіне 130 мың баррельге арттырған. Осылайша ОПЕК пен келісім орындалмады,- деп хабарлайды Блумберг. Қазақстанда мұнай өндірісі көлемі 10,5 пайызға артып, 2017-ші жылы 86,2 миллион тоннаны құрады деп жазады агенттік. Мұнай тәулігіне 1,81 баррель өндірілді деген сөз, ал, ОПЕК келісімі негізінде күніне 1,74 миллион тонна өндірілуі тиіс болған. Блумберг энергетика министрінің берген жауабын да жариялаған.

Мемлекет келісім жасалған күннен, яғни өткен жылдың қаңтар айынан бастап өз міндеттемелерін орындауға тырысып келеді. Инвесторлар мен әріптестер арасындағы келісім-міндеттемелерді негізге ала отырып, Қазақстан ОПЕК-пен де, өзге одақтастарымен де әріптестікті жалғастыруға ниетті.

Қытайдың Синьхуа агенттігі Қазақстан-Қытай мұнай құбыры арқылы көрші елге жеткізілетін шикізат көлемі артып, рекордтық деңгейге жеткен дейді. Тасымалданған қара алтын 12,3 миллион тоннаға өсіп, жылдық көлемі 23% пайызды құраған. Ал БАҚ-дағы мәліметтерге сүйенсек, осы құбыр арқылы "Роснефть" жеткізетін мұнай көлемі артқанын айтады. 2017-ші жылы ресейлік компания Қазақстан арқылы Қытайға жөнелтілетін 10 милллион тонна мұнай өндіруі тиіс болған. Блумберг тамыз айында Қазақстан мұнайын Қытайға жіберу көлемі күніне 58 мың баррельді құрағанын хабарлаған.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ