Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Астанаға келген шетелдіктер ХҚКО тіркеліп, жұмыс істеуге рұқсатты 1-2 сағатта ала алады

AstanaTV
12.01.2018ж. 20:00
2330
Астанаға келген шетелдіктер ХҚКО тіркеліп, жұмыс істеуге рұқсатты 1-2 сағатта ала алады

Енді Астанаға келген шетелдіктер әуежайдан немесе вокзалдан тікелей халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып, 1-2 сағатта тіркеліп, жұмыс істеуге ресми түрде рұқсат ала алады. Бұл мүмкіндікті бүгін ашылған цифрлық және миграциялық халыққа қызмет ету орталықтары жасап отыр. Медициналық құжаттар, сақтандыру, дактилоскопия, банк қызметтері сынды барлығы 10 шақты қызмет «1 терезе» қағидасымен жұмыс істейді. Ал бұрын осы рәсімдерге 5 күн уақыт кететін. Алайда мұндай процестерді заң аясында жүзеге асыруға барлық мигранттар асықпайды. Былтыр 42 мың еңбек мигранты тіркелсе, тіркелмеген 1200-дей шетелдік ұсталып жауапқа тартылған. Дегенмен бұл орталықтар сырттан келгендердің уақытын ғана үнемдеп қоймай, олардың пара беріп, құжат рәсімдету мүмкіндігіне тосқауыл қойып отыр.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

Құжаттардың саны да қысқартылды. Мысалы, ана жерде жазылып тұр қанша құжат керек болды. Қазір осы дерге алып келген соң біз зерттеп, кейбір құжаттарды алып тастадық, қажет емес. Адамдар тікелей сол құжатты дайындайтын адаммен, мысалы, мигрант кездеспейді. Оператор арқылы кездеседі. Сондықтан бұл да жемқорлыққа бір күрестің бірі деп ойлаймыз.