Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Елде халықтың 40 пайызы ауылдық жерде тұрады

AstanaTV
16.01.2018ж. 20:00
2664
Елде халықтың 40 пайызы ауылдық жерде тұрады

«Бүгінде елдегі тұрғындардың 40 пайызы ауылдық жерде өмір сүреді. Сондықтан агроөнеркәсіп кешенін дамытуда «ақылды технологияларды» ауылдарда енгізу керек».  «Қазақстан 2050» демократиялық күштердің Жамбыл облыстық коалициясының мүшелерімен болған жиында осындай пікір айтылды. Елімізге мәлім бірнеше саяси партиялар жолдауда көрсетілген 10 бағытты ортаға салды. «Нұр Отан» партиясының бастамасымен басқа партиялардың аймақтағы төрағалары Жолдау міндеттерін бірлесе орындауға шақырылған. Жамбыл өңірі агроаймақ болғандықтан, үшінші бағыт бойынша жұмыла жұмыс істеу қажет екені айтылды. Өйткені аймақ халқының 60 пайызы ауылдарда шоғырланған. Яғни бұл бағыт ауыл шаруашылығын дамыту үшін, жаңа технологияларды агрокешендерге апаруды көздейді.

Мұратхан Шүкеев, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбарасы:

Қайбір партия болмасын, барлығының мақсаты бір. Өйткені бір мақсат - бұл еліміздің осы жаңғыруына байланысты өздерінің үлестерін қосу. Сондықтан да, бүгінгі отырыстан кейін осы партия басшылары өздерінің аймақтарында үлкен жиналыстар өткізіп, осы жолдауды халыққа түсіндіру мақсатында жұмыстар атқаратын болады.

"Елбасы Жолдауының басым бағыты Қазақстан халқының әл-ауқатын, тұрмыс деңгейін көтеру", - деді партияның Қызылорда облыстық филиалында бас қосқан аймақтық коалициясының отырысына жиналғандар. Жолдауындағы 10 бағыттың барлығы маңызды. Сондықтан әрқайсысын жеке талқылап, аймақта олардың жүзеге асырудың тиімді жолдарын айқындап, баршаға жария ету - осы «Қазақстан-2050» демократиялық күштері коалициясының алдындағы үлкен міндет.

Ибадулла Құттықожаев, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Бұл жерде экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани бағыттары өте үлкен мазмұнға ие. Біз енді алдағы уақытта "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалы бар бағыттағы жұмыстарды ең бірінші халыққа жеткізу. Әрбір елді мекенді қамту және де әрбір бағыт бойынша тиісті жоспарлаған жұмыстарды жүзеге асыруда осы үлкен қозғауыш күш ретінде түрлі шаралардың ұйтқысы болатын болады.