Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Нұр Отан» партиясы ОҚОФ кезектен тыс ХХХІІІ конференциясы өтті

AstanaTV
23.01.2018ж. 20:00
3127
«Нұр Отан» партиясы ОҚОФ кезектен тыс ХХХІІІ конференциясы өтті

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кезекті Жолдауын талдап, насихаттау жұмыстары жер жерде жүргізіліп жатыр. Маңызды құжатта айтылған мәселелерді жүзеге асыру жайы «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының бүгін өткен кезектен тыс 33 конференциясының негізгі әңгіме арқауы болды. Жиналғандар жолдауда көрсетілген жаңа технологияларды енгізу, адами капиталды дамыту, сыбайлас жемқорлықпен күрес, сондай-ақ әлеуметтің әлсіз топтарын қолдау мәселелері бойынша «Нұр Отан» партиясына жүктелетін жауапкершілік өте үлкендігіне тоқталды.

Ролан Әлжанов, «Нұр  Отан» партиясы Созақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Қашықта жатқан елді мекендердің тұрғындарына Елбасы жолдауының маңызы мен мәнін түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізілуде. Онан бөлек ауданымыз ауыл шаруашылығымен қатар өндірістік аудан болып табылатындықтан, қазіргі таңда өндіріс саласына, агросекторға жаңа технологияларды енгізу мәселесіне болашақта үлкен көңіл бөлінеді деп отырмыз.