Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Париж су ортасында қалды

AstanaTV
29.01.2018ж. 20:00
2338
Париж су ортасында қалды

Франция астанасы Париж қаласы мен оның шеткері аумақтарын қамтитын Иль-де Франс аймағы су астында қалды. Рейтерстің хабарлауынша, төтенше жағдайға Сена өзенінің арнасынан асуы себеп болған. Су деңгейі 6 метрге дейін көтеріліп, тасқын салдарынан 1,5 мыңға жуық адам  қауіпсіз жерге көшірілді. Жағалауға жақын жолдарды су басқан.

Билік осыған орай қауіпсіздік шараларын енгізді. Сенада көлік қозғалысы тоқтап, туристік кемелер тұрып қалды. Жағалаумен қатынас үзілген. Дейтұрғанмен, Париждегі бас мұражайлар - Орсе мен Лувр жұмысын жалғастыруда. Синоптиктер тасқынның беті аздап қайтқанын мәлімдеді. Ал қызыл судың қашан өз арнасына түсері әзірге белгісіз.