Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

АҚШ Корей Халық Демократиялық Республикасына қысымды азайтпайды - Д.Трамп

AstanaTV
31.01.2018ж. 20:00
2497
АҚШ Корей Халық Демократиялық Республикасына қысымды азайтпайды - Д.Трамп

Пхеньян ядролық бастамаларынан бас тартпаса, АҚШ Корей Халық Демократиялық Республикасына қысымды азайтпайды. Конгресс алдына жыл сайынғы жолдауымен шыққан Америка басшысы Дональд Трамп осылай деді. "Ақ үй қожайыны ішкі саясатқа басымдық берді", - деп хабарлайды Рейтерс. Ал сыртқы саясатқа қатысты, Қытай мен Ресейді ұстап тұру үшін, ядролық қуаттылықты арттыру керектігін айтты. Трамп сонымен қатар, Куба мен Венесуэладағы «диктатураға» тоқталды. Оңтүстік Корея, Иран, Қытай мен Ресейді де қозғап өтті. АҚШ президентінің пікірінше, осы елдердің барлығы Құрама Штаттардың құндылықтары мен экономикасына салқынын тигізе алады.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

Солтүстік Кореяның ядролық қаруды қолдануға қатысты талпынысы жақын болашақта біздің отанымызға қауіп төндіруі мүмкін. Бұған жол бермеу үшін Корей Халық Демократиялық Республикасына қысым көрсетуді жалғастырамыз. Жағдайды босаңсытуға жол берсең, басқыншылық пен арандатушылыққа әкелетінін өткен тәжірибелеріміз көрсетті. Мен бізді қауіпті жағдайға қалдырған АҚШ әкімшілігінің бұрынғы қателіктерін қайталамаймын.