Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Сирия ұлттық диалогы Конгресінің делегаттары ортақ келісімге келді

AstanaTV
31.01.2018ж. 20:00
2623
Сирия ұлттық диалогы Конгресінің делегаттары ортақ келісімге келді

Сирия ұлттық диалогы Конгресінің делегаттары ортақ келісімге келді. Олар конституциялық комитет құру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Сочи форумын қорытындылаған Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді.

Комиссия өз жұмысын Женевада жүргізеді. Құрамында 150 адам болады деп жоспарланған. Олар Сирия үкіметтік күштерінің өкілдері, сыртқы және ішкі оппозиция белсенділері де осы қатардан табылмақ. Конгресте қол жеткен тағы бір маңызды қадам - елдің алдағы дамуы мен қалпына келуі қандай принципте жүргізілетіні жазылған құжаттың қабылдануы. Бұл Сирияның аумақтық тұтастығы мен егемендігіне деген құрмет болмақ.

Сергей Лавров, Ресей сыртқы істер министрі:

Конгресте конституциялық комитет құру туралы шешім қабылданды. Оның құрамына бүгінгі сайланған делегаттар кіреді. Және бұл жиынға түрлі себептермен қатыса алмай қалған топтардың өкілдері енетін болады.