Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Алматыда Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының таныстырылымы өтті

AstanaTV
02.02.2018ж. 20:00
2440
Алматыда Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының таныстырылымы өтті

Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабын оқушылар мен студенттер үшін қазіргі заман тарихына қосымша пән ретінде оқытуға болады. Бұл ұсынысты Мәжілістегі «Нұр Отан» фракциясы көтерген еді. Алматылық жастар осы бастамаға үн қатты.

Президенттің кітабы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің студенттеріне онлайн режимде таныстырылды. Тұңғыш Президент - Елбасы кітапханасының қызметкерлері туынды жайында тікелей сұқбат құрды. Студенттер кітап туралы пікірлерімен бөлісті. Бұл кітапты Тәуелсіздік энциклопедиясы деп атауға толық негіз бар. Мазмұны аса бай 4 бөлімнен тұратын жинақ жетекші жоғарғы оқу орындарының кітапханаларына таратылып жатыр.