Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Алматы-Бішкек» тас жолындағы жаппай көлік апатында жарақат алғандардың жағдайы қалыпты

AstanaTV
05.02.2018ж. 20:00
2498
«Алматы-Бішкек» тас жолындағы жаппай көлік апатында жарақат алғандардың жағдайы қалыпты

«Алматы-Бішкек» тас жолындағы жаппай көлік апатында жарақат алып, ауруханаға түскендердің жағдайы қалыпты. Бес адам үйіне шығарылған. Кәмелет жасына толмаған бір жолаушы ауруханада ем қабылдауда,- дейді дәрігерлер. Ірі жол апаты туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған. Бейнетүсірілімде көктайғақтың салдарынан он шақты көліктің жол жиегіне шығып кеткені байқалады. Оқиға орнына шұғыл жеткен дәрігерлер алғашқы көмек көрсетіп, алты адамды жақын маңдағы ауруханаға жеткізген. 

Тимур Құрбанбаев, Жамбыл аудандық орталық ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі: 

Үшеуі балалар ғой кәмелет жасына толмаған. Солардың барлығына алғашқы көмек көрсетіліп, осы жерде рентген жасап, гипстарын салып, облыстық балалар ауруханасына жібердік. Ол жерде біреуі жатқызылған. Қалған үшеуі менде амбулаторлық науқастар.

Бұл апатқа қатысты аймақ полицейлері қандай да бір түсінік беруге асықпай отыр.