Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

«Қазинвестбанк» салымшылары қаражаттарын алуға өтініш бере алады

AstanaTV
09.02.2018ж. 20:00
1951
«Қазинвестбанк» салымшылары қаражаттарын алуға өтініш бере алады

Банкрот деп танылған «Қазинвестбанк» салымшылары депозитке салған қаражаттарын "Банкцентркредиттен" алатын болды. Құрдымға кеткен банктің бұрынғы клиенттері келер аптадан бастап банк бөлімшелеріне жолығуына болады. 24 қаңтарда "Қазинвестбанкті" мәжбүрлеп тарату туралы сот күшіне енген. Салымшылар ақшасы Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қорынан бөлінеді. Ал бұл қаржылық операцияларды орындау үшін «БанкЦентрКредит» акционерлік қоғамы агент-банк ретінде бекітілген.

Мадияр Сәттібаев, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры департаментінің бас маманы:

Жеке тұлғалар өз салымдары бойынша ақшаларын БЦК-ға өтініш беру арқылы ала алады. Төлем 2018 жылы 13 ақпаннан басталады. Және 6 ай ішінде жеке тұлғалар БЦК-ке өтініш береді. Сол алты айда салымшылар тікелей Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қорына жүгіне алады.

Қаражат тек жеке тұлғаларға ғана қайтарылады. Олардың саны 70 адам. Клиенттер Қарағанды, Алматы, Астана, Атырау, Павлодар және Ақтөбе қалаларында тұрады. Бірақ қор мамандары салымшыларға берілетін жалпы сомманың көлемін айтпай отыр. Айта кетейік, қазір Депозиттерге кепілдік беру қорында шамамен 568 млрд теңге сақтаулы.