Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

АҚШ биржасының құлауы Қытайға да әсер етті. Елімізге ше?

AstanaTV
09.02.2018ж. 20:00
1458
АҚШ биржасының құлауы Қытайға да әсер етті. Елімізге ше?

Апта ішінде АҚШ биржасы екінші рет төмендеді. Бұл жолы АҚШ-тың негізгі қор индекстері 4,15 пайызға құлады. Рейтерстің хабарлауынша, оған инвесторлардың қор нарығындағы құбылмалылықтан қорқақтауы себеп. Dow Jones-тің өндірістік индексі 4,15% төмендесе, NASDAQ жоғары технологиялар компаниясының көрсеткіші 3,9%-ға, S&P 500 индексі 3,75% құлап отыр. Бұл Dow Jones тарихындағы екінші ең ауыр күн болып отыр. Америкалықтар ізімен қытайлық қор биржалары да 5,15% дейін құлдырады. Бірақ Ақ үй өкілі арнайы брифингте Америка экономикасы мықты, "сау" болып қала береді деді.

Қазақстандық сарапшы Меруерт Махмұтова да бұл өзгеріс ұзаққа созылмайды деп болжайды. Бірақ федералды резервтік жүйе пайызды мөлшерлемені көтеретін болса, Қазақстанды да айналып өтпейді деген пікірде.

Меруерт Махмұтова, экономист:

Менің ойымша, бұл қысқа мерзімді оқиға. Ұзақ мерзімде, былайша айтқанда, нарықтың қызып кеткенін төмендету.  Әрине, ФРС пайызын көтеріп жатса, ол біздікі сияқты дамып жатқан ЭМОДЖИ маркет дейді, дамып жатқан нарықтардан капитал қашады деп болжамдауға болады.