Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Дональд Трамп Халықаралық ғарыш станциясын жекешелендіруді жоспарлап отыр

AstanaTV
12.02.2018ж. 20:00
2648
Дональд Трамп Халықаралық ғарыш станциясын жекешелендіруді жоспарлап отыр

АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Халықаралық ғарыш станциясын жекешелендіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы The Washington Post жазды. Мақалада 2024 жылдан кейін Вашингтон Халықаралық ғарыш станциясын қаржыландыруды тоқтатады делінген. Бірақ американдықтар одан бас тартпай, станцияны жекеменшік секторға шығармақшы. Кез-келген саланың өкілдері Халықаралық ғарыш станциясын коммерциялық негізде басқара алатын көрінеді. Басылымның хабарлауынша, Конгресстен 150 млн доллар қаржы сұрату жоспарланған.

Айта кетсек, бұл ғарыш станциясы - 14 елдің қатысуымен жүзеге асқан жоба. Нысанды Ресей, Ұлыбритания, Жапония және Германияда орналасқан бірнеше орталық басқарады. Олар өзара тұрақты ақпарат алмасып отырады. Ал ғарыштық саясат институтының басшысы Иван Моисеев американдықтардың бастамасын «сандырақ» деп атады.