Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Аудандық сот созылмалы індетке шалдыққан ветеринардың талап-арызын қанағаттандырды

AstanaTV
16.02.2018ж. 20:00
2678
Аудандық сот созылмалы індетке шалдыққан ветеринардың талап-арызын қанағаттандырды

Қостанай облысында жұмыс барысында жұқпалы індет жұқтырған маманның талап-арызы сотта қаралып, талапкердің пайдасына шешім шықты. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі жазбаша хабар таратты.

Талапкер екі жыл бұрын жергілікті серіктестікте ветеринар болған тұста созылмалы бруцеллез індетіне шалдыққан көрінеді. Оның ауруды жұмыс барысында жұқтырғанын айғақтайтын медициналық анықтамасы бар. Дәрігерлер тұжырымымен үшінші топтағы мүгедектік белгіленген. Бірақ жұмыс беруші ем-домға жұмсалған қаражатты төлеуден бас тартып, моральдық зардап келтіреді. Сот жауапкер тарапты барлық шығынды өтеуге міндеттеген.