Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қарағандыда балалар киімдерінен улы заттар табылды

AstanaTV
22.02.2018ж. 20:00
2062
Қарағандыда балалар киімдерінен улы заттар табылды

Қарағандыда балалар киімдерінен улы зат табылды. Күртелер, жейделер мен белдемшелер тіпті жаңа туған нәрестелерге арналған ит көйлектерден де қауіпті газ - формальдегид - анықталған. Бұл туралы облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілдері мәлімдеді.

Юрий Залыгин, Қарағанды облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары:

Бұл киімдердің барлығы Қырғызстаннен әкелінген. Кәсіпкерлер оларды Алматы, Бішкек қалаларының базарларынан тасиды. Олардың құрамында формальдегидтің мөлшері өте жоғары. Бұл балаларымыздың денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Адамның денесіне біртіндеп сіңіп ауыр дерттерге шалдықтырады.

Санитарлардың айтуынша, улы зат тыныс алу жолдары мен жүйке жүйесін зақымдайды. Көз, тері ауруларына шалдықтырады. Сондықтан мамандар ата-аналарға иісі өткір киімдерді сатып алмауға кеңес береді. Өйткені қырғызстандық киім саудасына тосқауыл қою мүмкін болмай отыр. 2017 жылы тексерулер нәтижесінде 40-қа жуық кәсіпкерге ескерту жасалып, 2 млн теңгеден астам айыппұл салынған. Алайда, жоспардан тыс тексеруге ілікпеген сауда нүктелері жетерлік. Мамандар саудагерлер киімдер туралы ақпараттарға, өндірілген орны мен мата құрамына мән бермейтінін айтады. Көпшілігінде сапа сертификаты да жоқ болып шыққан.