Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қызылжар өңіріндегі Рузаев ауылында тасқын кезінде су басқан амбулатория әлі жөнделмеген

AstanaTV
22.02.2018ж. 20:00
2467
Қызылжар өңіріндегі Рузаев ауылында тасқын кезінде су басқан амбулатория әлі жөнделмеген

Солтүстік Қазақстан облысында тасқыннан зардап шеккен Рузаев селосының амбулаториясы әлі күнге дейін жаңартылмаған. Медициналық бекетті былтыр көктемде су басып, қазір аталған нысан апатты жағдайда тұр. Бұқара дәрігерлерге қаралу үшін 70 шақырым жердегі ауруханаға баруға мәжбүр. Бұл туралы бүгін облыс әкімінің есебінде ауыл тұрғындары айтты. Аймақ басшысы болса, құрылыстың неге басталмай жатқанынан хабарсыз.

Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

Мен бұл амбулаторияда болдым. Құрылыс жұмыстары былтыр басталуы тиіс еді. Неге жөнделмегенін білмеймін. Мен нысанды жаңғыртуды тапсырғанмын. Жақын арада тексеріс жүргіземіз. Міндетін орындамаған мамандар жазалатынына уәде беремін. Амбулаторияның құрылысы биыл аяқталады.

Еске салайық, өткен жылы Ғабит Мүсірепов ауданындағы Рузаев селосы көктемде топан судан 150-ге жуық үйге зардап шеккен. Тасқын 9 баспананы бүтіндей шайып кетсе, 3 үй апатты деп танылған. Шығын көлемі 60 миллион теңгеден асқан еді. Бүгінде панасыз қалған жұрт жаңа үйлерге ие болды. Ал топан судан зардап шеккен өзге тұрғындарға қаржылай көмек көрсеттілген.