Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қазақстанның 5 вокзалында пилоттық жоба енгізілді

AstanaTV
02.03.2018ж. 20:00
2515
Қазақстанның 5 вокзалында пилоттық жоба енгізілді

Қазақстан қауіпсіздік рейтингте 141 елдің арасында 72-ші орында. Қоғамдық орындарда қауіпсіздікті күшейту үшін «KIPOD» жүйесі пилоттық жоба ретінде енгізілген. Бүгінде ол Астана мен Алматы, Қарағанды, Бурабай вокзалдарында сыналып жатыр. Ол санаулы секундтарда адамның бет-әлпетін танып, ол туралы жеке мәліметтерді шығара алады. Бұл туралы бүгін Парламент сенаты конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшелерінің көшпелі отырысында айтылды. Бейнебақылау камерасына іліккен күдікті дереу күштік құрылымдар базасы түседі. Оның тағы бір ерекшелігі - ұқсас адамдарды санаулы секундта тауып береді. Ол қауіпсіздік жүйелерімен бірігіп, жұмыс жүргізе алады. Жобаны толық жүзеге асырудың құны әзірге белгісіз. Бірақ мамандар мүмкіндігі жағынан тиімділігін дәлелдеді деп отыр.

Ростислав Коняшкин, «KIPOD» жобасының жетекшісі:

Бұл жоғарғы деңгейлі жүйе болмақ. Артықшылығы - қазір де бар бейнебақылауларды, өрт қауіпсіздіктері жүйесі, қажет болса, банк жүйесін бір арнаға біріктіре алады. Аталмыш жүйенің потенциалы мықты. Біз қазір қолданыстағы жүйелерге бәсекелестік жасауға емес, бірігуге мүмкіндік береміз. Бұл кез-келген органға бір ғана жерден қажетті ақпаратты беруге жол ашады.

Рысқали Әбдікеров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Осындай бейнебақылауларды қоятын болсақ, ол бір жерден басқарылатын болса, бұл тек қылмысты ашып қана қоймай, оның алдын алуға да мүмкіндік береді деп ойлаймын.