Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

«Астана» баскетбол клубы ВТБ бірыңғай лигасы аясында «Цмоки-Минскіден» басым түсті

AstanaTV
05.03.2018ж. 20:00
2200
«Астана» баскетбол клубы ВТБ бірыңғай лигасы аясында «Цмоки-Минскіден» басым түсті

Алексей Полторанин әлем кубогының 9-шы кезеңін жеңіспен аяқтады. 15 шақырымдық жолды қазақстандық 33 минут 11,9 секундта бағындырған. Ал 2018 жылғы олимпиада чемпионы Ийво Нисканенш біздің спортшыдан шамамен 20 секундқа кешігіп келді. Бұл Полтараниннің Пхенчхан олимпиадасынан кейінгі алғашқы жарысы.


«Астана» футбол клубы жаңа маусымда басты қарсыласы алматылық «Қайратты» жеңді. Қос команданың соңғы 4 кездесуінің үшеуін алматылықтар жеңіліспен аяқтап отыр. Ал, 3:0 есебімен қарсыласын тізе бүктірген астаналықтар суперкубок иесі атанды.

Иван Маевский, «Астана» ФК қорғаушысы:

Бізді нақты міндеттер күтіп тұр. Бүгінгі жеңіс үлкен қуанышқа арқау болатыны анық. Бірақ, алда барлық клубтар үшін жаңа маусым басталатыны белгілі. Сондықтан жұмыс енді қызады.


«Астана» баскетбол клубы мүшелерінің де көңіл күйі жақсы. Спортшылар плей-офф кезеңіндегі орынын жоғарылатты. Жерлестер соңғы ойында «Цмоки-Минскіден" басым түскен. О баста Беларусь елінің баскетболшылары 12 ұпаймен алда келе жатқан еді, алайда, астаналықтар есепті қысқартып, артынша басым түсуге мүмкіндік алды. 77:59 ұпай айырмасымен аяқталған ойын нәтижесінде «Астана» баскетбол клубы турнир кестесінің 8-ші орынын сақтап қалуға мүмкіндік берді.