Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

АҚШ мұғалімдері жалақыны өсіріп, мектептерді қаржыландыруды талап етіп жатыр

AstanaTV
03.04.2018ж. 20:00
3241
АҚШ мұғалімдері жалақыны өсіріп, мектептерді қаржыландыруды талап етіп жатыр

АҚШ-та Оклахома және Кентуккидегі 40 мыңдай мұғалім ереуілге шықты. Олар жалақыны көбейтіп, мектепті қаржыландыруды талап етіп жатыр, - деп хабарлайды Рейтерс. Мұғалімдер мектепке бөлінетін қаражаттың аздығынан кейбір оқу орындары төрт күндік білім беру жүйесіне көшкенін айтты. Ал оқушылар 20 жыл бұрын шығарылған кітаптармен білім алып жатқан көрінеді. Ереуіл екінші күнге ұласты.

Бүгінде көптеген мектептерде сабақ тоқтатылды. АҚШ Білім ұлттық қауымдастығының мәліметінше, Оклахома мұғалімдерінің жалақы деңгейі елде 48-ші орында. Сондықтан оқытушылардың көбі дәмхана мен дүкендерде қосымша жұмыс істеуге мәжбүр. Кейбірі тіпті штаттан кетіп жатқан көрінеді. Мұғалімдер кәсіподағы олардың еңбекақысын 10 мың долларға көбейтіп, білім жүйесін қаржыландыруға 200 миллион доллар бөлуді талап етіп отыр. АҚШ-та бір жылдық орташа айлық 30-40 мың долларды құрайды.