Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Мәжілісмендер Елбасының бес әлеуметтік бастамасы туралы алыс аймақтардағы тұрғындарға кеңінен баяндады

AstanaTV
03.04.2018ж. 20:00
3198
Мәжілісмендер Елбасының бес әлеуметтік бастамасы туралы алыс аймақтардағы тұрғындарға кеңінен баяндады

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барған мәжіліс депутаттары ауыл мектептерін аралап, Елбасының бес әлеуметтік бастамасы туралы кеңінен баяндады. Халық қалаулылары алдымен аймақтағы техникалық универсиеттің ахуалымен танысты. Депутаттар шалғайдағы мектеп түлектерінің көбісі гранттан үмітті екенін айтады. Олар үшін тағы бір мүмкіндік - ол мемлекет басшысының биыл тегін оқу орындары 20 мың грантқа артатыны. Солардың тең жартысы техникалық мамандықты меңгергісі келетін студенттерге бұйырмақ. Сондай-ақ, биыл шығыс өлкеде 5 мың орындық жатақхана салынады. Ал республикада 77 мың студентке арнап жатақхана салу жоспарда бар.

Бақтияр Мәкен, ҚР Парламенті  Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Қазір Үкімет тарапынан үлкен жол картасы бекітілді. Сол Жол картасы арқылы, былайша айттқанда, саты-сатымен жыл сайын 25-ші жылға дейін жатақхана салу мүмкіндігін тез арада жасау.

Сондай-ақ, 5 бастаманың тиімділігін түсіндіру үшін мәжіліс депутаттарының тағы бір тобы  Оңтүстік Қазақстан облысындағы Кентау қаласында болды. Шахардағы трансформатор зауыты жұмысшылармен кездесті. Мұндағы шығарылатын транформаторлар әлемдік стандарттарға сай келеді. Сондықтан сұраныс өте жоғары, - деді зауыт өкілдері. Сондай-ақ халық қалаулылары «ЮгЭлектроПривод», «Электродеталь» кәсіпорындарының жұмысымен танысты.

Нұрлан Дулатбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Осындағы жұмыс жасап жатқан жұмысшылардың орта жасын сұрадық. Яғни олардың көбісі 35-ке жетпегендер. Ал енді біздің бес әлеуметтік реформадағы бағыттардың барлығы ең алдымен осы жастарға, жаңа семья құрған азаматтарға бағытталған.