Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Қазақстандық суда жүзушілер Испания чемпионатынан олжалы оралды

AstanaTV
12.04.2018ж. 20:00
3176
Қазақстандық суда жүзушілер Испания чемпионатынан олжалы оралды

Дмитрий Баландин Испаниядағы халықаралық турнирде "алтын" хет-трик жасады. Олимпиада чемпионы 100 метрлік кеудемен жүзудегі үшінші дистанцияда да жеңіске жетті. Әділбек Мусин "күміс" иегері атанды. Ол 100 метрді баттерфляй тәсілімен жүзіп өтті. Әділ Қасқабай 50 метрлік еркін жүзуде қолаға қол жеткізді.

Малага қаласында өткен чемпионат қазақстандықтар үшін олжалы болды. Спортшыларымыз әртүрлі деңгейдегі 8 медаль иемденді.