Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

СҚО əкімдігі баспана салу үшін Қазақстан қор биржасынан миллиард теңге қарыз алған

AstanaTV
13.04.2018ж. 20:00
2565
СҚО əкімдігі баспана салу үшін Қазақстан қор биржасынан миллиард теңге қарыз алған

Солтүстік Қазақстан облысының əкімдігі тұрғын үйлер салу үшін Қазақстан қор биржасынан бір миллиард теңге қарыз алған. Бұл ақпаратты біздің арна тілшілеріне қаржы басқармасының өкілі растады. Теріскей билігі қор биржасында мың теңгелік 1 миллион купон жария еткен. Қызылжар билігі бұл қарызды 0,35 пайыздық мөлшерлемемен қайтаруы тиіс. Əкімдік бұл міндеттемеден екі жылдың ішінде құтылуы тиіс, деді басқарма өкілі. Қаржы тұрғын үй құрылысына бағытталмақ. Жалпы, қор биржасынан қарыз алу теріскейліктерге таңсық емес көрінеді. Олар құнды қағаздарды осыған дейін де сатқандарын мəлімдеді.

Лəтипа Төлепенова, СҚО қаржы басқармасы басшысының орынбасары:

Біз Қазақстан қор биржасына 2016 жылдан бастап қатысып келеміз. Тұрғын үйлерді салу үшін қарыз алдық. Былтыр басталған құрылысты жалғастыру керек. Облигацияның құны 1 млрд 50 млн теңге. Қаражат келді. Енді құрылыс жандана түсті. Тұрғын үйлер қолданысқа берілген соң, біз облигацияларды қайтып сатып аламыз.