Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қоғамдық қабылдауға келгендер кәсіпкерлікті дамыту бойынша ұсыныстарын айтты

AstanaTV
13.04.2018ж. 20:00
2445
Қоғамдық қабылдауға келгендер кәсіпкерлікті дамыту бойынша ұсыныстарын айтты

Бизнесті дамытуға не кедергі? Ауылды жерлердегі кәсіп иелері әлеуметтік тұрғыда қандай көмекке зәру? "Нұр Отан" партиясының республикалық қабылдауына келген азаматтар осындай сұрақтар қойды. Өздерін толғандырған мәселелер бойынша жәрдем сұрады.  "Нұр Отан" партиясының хатшысы Тамара Дүйсенова өткізген алғашқы қабылдауға 13 адам келген. Бірнеше аймақтан азаматтар онлайн режимінде қосылып, мәселелерін ортаға салды. Олар кәсіпкерлікті дамыту бойынша ұсыныстарын жеткізді. Ал енді бірі әлеуметтік қиындықтарымен бөлісті, ем-домжұмысқа орналасу бойынша проблемаларын жайып салды. Өтініштерді тыңдаған партия хатшысы олардың ешбірі назардан тыс қалмайтынын айтты

Тамара Дүйсенова, "Нұр Отан" партиясының хатшысы:

Мемлекет тарапынан әлеуметтік әлжуаз топтарға көрсететін көмек бойынша біраз бағдарламалар бар. Сол жөнінде де оларға жақсы бір рекомендацияларды бердік. Бүгін қаралып жатқан мәселелердің барлығы біздің мемлекеттік және жергілікті органдардың бақылауына алынады, шешуге мүмкіндік жасаймыз.