Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келмеген сауда орындарына 7 млн теңгеден аса айыппұл салынды

AstanaTV
16.04.2018ж. 20:00
6128
Өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келмеген сауда орындарына 7 млн теңгеден аса айыппұл салынды

Өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келмеген сауда орындарына 7 млн теңгеден аса айыппұл салынды. Бұл туралы ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин мәлімдеді. 692 нысанға тексеру жүргізіліп, 460-ында жұмыстар аяқталған. 6 мыңнан аса бұзушылық тіркелді.  Анықталғандай, тек 6 сауда орталығы ғана өртке қарсы талаптарға сай келеді. Сонымен бірге, Юрий Ильиннің дерегінше, Астанадағы ірі сауда орталықтарының бірі "Керуен ситиді", Қарағанды, Алматы, Павлодар облыстарындағы сауда орындарын министрлік әкімшілік  сотқа берген. Бұл сауда үйлері тілсіз жауға қарсы талаптары сақталмағандықтан, аса қауіпті нысандар  қатарына жатқызылған. Жаппай тексеру сәуірдің аяғына дейін созылмақ. Вице -министр сауда орталықтарына бұдан алдын жасалған тексеруде анықталған кемшіліктер бойынша да  хабарлады. Айта кетейік, Кемероводағы қайғылы жағдайдан соң төтенше жағдай қызметі елдегі сауда орындарын тексеруге кіріскен.

Юрий Ильин, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

Алдыңғы жылдары жүргізілген тексерулер бойынша қызметкерлердің қорытындысы мен қазіргі есептерді салыстырамыз. Егер айырмашылықтар анықталса, біздің лауазымды тұлғалар жауапқа тартылады. Бұл туралы қосымша хабарлайтын боламыз.

Диана САПАРҚЫЗЫ