Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қырғызстан президенті Үкіметті отставкаға жіберді

AstanaTV
19.04.2018ж. 20:00
1733
Қырғызстан президенті Үкіметті отставкаға жіберді

Қырғызстан президенті Сапар Искаков бастаған үкіметті отставкаға жіберді. Сооронбай Жээнбеков Бұл туралы жарлыққа қол қойған. Мұны қырғыз басшысының баспасөз қызметі хабарлады. Бұған дейін парламент Сапар Искаков бастаған үкіметке сенбейтіндерін айтып, 101 депутат қарсы дауыс берген болатын. Парламентте мұндай жағдай бірінші рет болып отыр. Депутаттар Үкімет мүшелері маңызды жобаларды жүзеге асыруда жаңсақтыққа жол бергенін айтып отыр. Бұған дейін парламенттегі 3 бірдей фракция Үкіметтің 2017 жылы атқарған жұмыстарына көңілдері толмаған болатын. Сапар Искаков бастаған Үкімет өткен жылдың 26 тамызында жасақталған еді.