Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Армениядағы саяси жағдай диалог арқылы шешілуі тиіс - Н.Назарбаев

AstanaTV
26.04.2018ж. 20:00
2061
Армениядағы саяси жағдай диалог арқылы шешілуі тиіс - Н.Назарбаев

Армениядағы саяси дағдарыс барлық мүдделі тараптың диалогы арқылы шешілуі тиіс. Жаңадан сайланған президентпен телефон арқылы сөйлескен Қазақстан басшысы осындай пікір білдірді. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Нұрсұлтан Назарбаев достас елге бейбітшілік пен тұрақтылық тіледі. Ал тараптардың диалогы Ата заңға және заң үстемдігі негізінде шешілуі керек деп санайды. Екеуара әңгіме Армения тарапының бастамасымен болған.