Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Қарулы күштерге қажетті тауарларды шет елден сатып алуды доғару қажет - В.Божко

AstanaTV
14.05.2018ж. 20:00
2262
Қарулы күштерге қажетті тауарларды шет елден сатып алуды доғару қажет - В.Божко

Қарулы күштерге қажетті тауарларды шет елден сатып алуды тоқтату қажет. Отандық өндірісті жолға қою соншалықты қиын емес. Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко осылай деді. Парламенттегі Үкімет сағатына келген Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов саладағы жағдайға тоқталды. Бүгінде қорғаныс саласы химиялық, бактериологиялық және радиациялық қалдықтан қорғанатын газтұтқыш маскаларды миллиондап шет елден сатып алады.

Владимир Божко, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары:

Бізге миллиондаған газтұтқыш керек. Қазір жәйлап шет елден сатып алуды бастадық. Резеңке маска шығару қиын болып па? Бірнеше мәрте айтылды ғой, қозғалыс жоқ.

Үкімет сағатында сондай-ақ әскерилерге қажетті бронды кеудешелер жайы сөз болды. Божконың айтуынша, екі бірдей зауыт өндірісті қолға алмақ болған. Бірақ Қорғаныс өнеркәсібі министрілігі зауыт жұмысымен танысуды қалағанда, кәсіпкерлер жағы "зияткерлік меншік" дегенді алға тартып, мамандарды табылдырықтан аттатпаған. Салдарынан әлі күнге дейін мемлекеттік сатып алу арқылы миллиондар шет елге кетіп жатыр, - дейді вице-спикер.