Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Атышулы Бишімбаев ісі қайта жалғасты

AstanaTV
16.05.2018ж. 20:00
2051
Атышулы Бишімбаев ісі қайта жалғасты

Атышулы Бишімбаев ісі қайта жалғасты. Астана соты ұлттық экономика экс-министрі мен оның сыбайластарының апелляциялық шағымын қарап жатыр. Пара алу дерегі бойынша басты фигурантқа қатысты жаңа айғақтар табылған.  Бұл туралы Қуандық Бишімбаевтың қорғаушылары айтты. Сондықтан, 70 миллион теңге пара алу эпизодын алып тастауды соттан сұрап отыр. Адвокаттар тергеу барысында осы іске қатысы бар кәсіпкердің куәгер ретінде сұралмағанын алға тартады.

Сейіт Рахманов,  қорғаушы:

Сотқа жаңа дәлелдер ұсынылды. Бұл деректер қорғауымдағы Бишимбаевтың мүддесін қозғайтын эпизодқа қатысты. Осыған байланысты мен сот отырысын Бишімбаевтың қатысуымен қарауға өтініш білдіремін.

Ірі көлемде пара алды деп айыпталған Қуандық Бишімбаев 10 жылға сотталған еді. Экс-шендіден өзге 22 айыпталушыға қатысты да сот үкім шығарған. Нұрлыбек Сұлтан 7 жыл, Аслан Жақыпов 2 жарым жыл жаза арқалаған. Сот Бишімбаевтың дүние мүлкін тәркілеп, өзін өмір бойына мемлекеттік қызметте басшылық лауазым атқарудан шеттеткен

Диана САПАРҚЫЗЫ