Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Петропавлда «Мұражайдағы ерекше түн» акциясы өтті

AstanaTV
18.05.2018ж. 20:00
1916
Петропавлда «Мұражайдағы ерекше түн» акциясы өтті

Қызылжарда "Мұражайдағы ерекше түн" акциясы өтті. Оның аясында жергілікті полицияның тарихынан сыр шертетін 4 мыңға жуық экспонат көпшілік назарына ұсынылды. Әсіресе, көне қарулар көп. Арасында 19-шы ғасырда шығарылған неміс тапаншалары бар. Ақтар көтерілісінен қалған қылыштар да сақталыпты. Аймақтағы ішкі істер департаменті мамандары 2011 жылы «халықтан қару-жарақты жинау» акциясын жариялады. Жоба аясында тұрғындар 300-ге жуық мылтық-тапанша тапсырған. Олардың барлығы бүгінде бөлек залда сақтаулы,- дейді мамандар. 

Любовь Осинская, мұражай меңгерушісі:

Біздің мұражайға биыл 29 жыл толады. Мұнда полицейлердің ерлігін дәріптейтін көптеген материалдар сақтаулы. 3 мыңға жуық қаруымыз бар. Жәдігер қорын толықтыру жұмысы әлі де жалғасып келеді.