Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Астанада газ бірінші қай ауданға беріледі?

AstanaTV
21.05.2018ж. 20:00
2725
Астанада газ бірінші қай ауданға беріледі?

Астанаға жеткен газдың алдымен қай жерге тартылатыны белгілі болды. Бүгін Мәжілісте Мұнай газ саласын дамыту жөнінде Үкімет сағаты өтті. Қанат Бозымбаев әдеттегідей  жанар-жағармай импортынан қашан "құтылатынымызды" да айтып өтті. Министрдің мұнай бағасына қатысты болжамы да жаман емес. Биыл қара алтын 80 доллардың төңірегінде тұрақтайды дейді. Мөлдір Бақытқызы  тарқатады.

Газ тақырыбы астаналықтарды көптен елеңдетіп келе жатқаны рас. Биыл шілдеде Қызылордадан Қарағанды арқылы құбыр тарту жұмыстары басталады. Ал, 2019-дың соңында құбыр Астанаға жетеді. Мұдан соң, әкімдік көгілдір отын желілерін қалада таратуды қолға алады. Құбыр өтетін жер учаскесі бөлінген. Биыл қарашада техникалық-экономикалық құжаты бекиді. 1,5 жылдан соң, үш шағын ауданға газ жетеді.

Қосман Айтмұхамбетов, Астана қаласы әкімінің орынбасары:

Біз 2 жылу орталығын қосамыз. Сосын Көктал 1, Көктал 2, Оңтүстік-шығыс тұрғын алаптарын қосуды жоспарлап отырмыз.

Қазір көгілдір отын бағасы әрқилы. Мысалы Оңтүстікте 27 мен 36 теңге арасында. Батыста текше метрі 8-10 теңге. Басқа өңірлерде 11-19 теңге. Ал Астанада қанша болатынын министрдің өзі де айта алмады.

- Газ бағасы қанша болады? 

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

Тиісті құжатардың нәтижесі шықсын. Бір 15 күннен кейін айта аламын.

Мұнайға келсек, Министрдің мәліметінше қазір ішкі нарық отандық жанармаймен 90 пайыз, дизелді отынмен -90 пайыз, авиотынмен -58 пайыз қамтылған. Шымкент мұнай өңдеу зауыты қыркүйекте күрделі жөндеуід аяқтаса, жыл соңында 100% ішкі нарықты қамтимыз дейді. Бұрын жанармайдың 30 пайызын Ресейден импоттасақ, бүгінде ол 10 пайызға қысқарған. Отандық мұнай өңдеу зауыттарында соңғы 4-5 жылда күрделі жөндеу жұмыстарының тым созылып кетуі әдетке айналғанда. Бірақ, министр бұған аса қымсына қоймайды, жыл соңында тіпті, жанаржағармай артығымен қалады деп отыр.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

Елде дефицит емес, профит болады. Керісінше, барынша экспорттық мүмкіндікті қарастырамыз. Жыл соңында жанармай бойынша жағдай осылай болады деп күтіледі.

Жанармай бағасы бойынша Қазақстан 167 мемлекеттің ішінде 12-ші, ал дизель отыны бойынша 14-ші орында. Арзан жанармай Венесуэла, Иран, Кувейт  Түркменстанда. Біздің баға Ресейге байланған. Бензин құны көрші елден тым алшақтап кетсе, Кедендік одақ бойынша шекара ашық болғандықтан, бензин теріскейге сатылып кетеді. Айтпақшы, Бозымбаев өткен аптада бір баррелі 80 долларға жеткен мұнай құнына қатысты да пікір білдірді. Биылдыққа баға осы төңіректе тұрақтайды дейді. Былтыр тура осы уақыта қара алтын құны 50 доллар еді. Мұнай өссе, басқа тауарлар бағасы түсер ме екен? Мұны уақыт көрсетеді.